Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 4-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 29 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес қайта тиегіш экскаваторды сыныптау туралы" № 189 шешімінің 1-тармағында "1 және 3 (в) қағидаларына сәйкес 8429 тауар позициясында сыныпталады" деген сөздер 1, 3 (в) және 6-қағидаларына сәйкес 8429 52 900 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |