Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына 8-ескертпеге өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 170 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына 8-ескертпенің үшінші абзацы мына сөздермен толықтырылсын: ", Гарцевск мұнай кен орны, Оңтүстік Шатилковск мұнай кен орны, Шығыс Доброгощанск мұнай кен орны, Иповск мұнай кен орны, Батыс Гировск мұнай кен орны, Жаңа Ельск мұнай кен орны, Кузьминск мұнай кен орны, Бескопыльновск мұнай кен орны, Жаңа Домановичск мұнай кен орны, Гурьяновск мұнай кен орны, Нұрғалиев мұнай кен орны".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2022 жылғы 2 қаңтардан кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады