Кедендік декларацияны беру оған қатысты Кеден одағының "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен сүйемелденетін өнімдердің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 175 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы Хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 Шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде оған қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 8 қазандағы № 172 Шешімімен бекітілген Кедендік декларацияны беру оған қатысты Кеден одағының "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы заттардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді) ұсынумен сүйемелденетін өнімдердің тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 1-позициядағы "3503 00-ден" деген сөздер алынып тасталсын;

      б) 5-позициядағы "2934 99 900 0-ден" деген сөздер "2934 99 800 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 14-позициядағы "2106 90 590 0-ден 2106 90 980 9-дан" деген сөздер "2106 90 580 0-ден 2106 90 980 8-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 48-позициядағы "3402 11 900 0-ден" деген сөздер "3402 31 000 0-ден 3402 39 000 0-ден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      д) 2-графадағы 55-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "3808 59 000 5 3808 92 800 0 3808 94 800 0-ден;

      е) 57-позициядағы "3907 20-дан" деген сөздер "3907 21 000-нан 3907 29-дан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады