Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №8 қосымша) 109-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы №702 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты жүргізілген қайталап тергеп-тексеруінің нәтижелері бойынша дайындаған баяндамасының негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Украинада шығарылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін болат құбырлардың жекелеген түрлеріне қатысты Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы №702 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы қоса алғанда 2026 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілетті мемлекеттік органдары:
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы №702 шешімімен көзделген мөлшерлерде демпингке қарсы баж алуды өамтамасыз етсін;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 49 шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомаларын есепке жатқызуды жүзеге асыруды алдын ала демпингке қарсы баждарды демпингке қарсы бажға алу және ол төленген (өндіріп алынған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке алу үшін белгіленген тәртіпте жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі "Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін болат құбырлардың жекелеген түрлеріне қатысты демпингке қарсы шараны ұзарту туралы" № 49 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |