2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімінің 3-тармағының 2.2.5-тармақшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) бірінші абзацтағы "2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) екінші абзацтағы "2022 жылғы 30 маусымға дейін" деген сөздер "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) үшінші абзацтағы "2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2022 жылғы 30 маусымға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |