Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми статистикалық ақпарат беруі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 184 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалықақпаратын қалыптастыру және оны тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 6-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынатын ресми статистикалық ақпараттың статистикалық көрсеткіштерінің тізбесі;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми статистикалық ақпарат ұсыну форматтары бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми статистикалық ақпаратты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық статистикалық жұмыстар бағдарламаларына сай мерзімділікте және қимаға сәйкес осы Шешіммен бекітілген нысандарда ұсынады деп белгіленсін.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми статистикалық ақпарат ұсынуы туралы" 2018 жылғы 3 желтоқсандағы №197 шеімінің 1 және 2-тармақтары;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 3 желтоқсандағы №197 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 17 желтоқсандағы №222 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 3 желтоқсандағы №197 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №170 шешімі.

      4. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады