Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 198 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне 2010 ж. № 257 қаулысына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2022 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 190 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 18-тармақта:

      а) бірінші абзацтағы "40" деген цифрлар "40, 44,"деген цифрлармен ауыстырылсын;

      б) 14-тармақшаның он екінші абзацынан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Ресей Федерациясында 16 нөмірімен Ресей Федерациясының орман заңнамасына және Ресей Федерациясының орман қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес кодтар тізбесі бойынша есепке алынуға жататын ағаш материалдарын декларациялау кезінде мынадай схема бойынша құрамдас код көрсетіледі:

      1 элементі – Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің жалпыресейлік сыныптауышына (бұдан әрі – ҚӨЖС 2) сәйкес код;

      2 элементі – әкетілетін ағаш материалдарының қабығы ескерілген көлемі (м3);

      3 элементі – әкетілетін ағаш материалдарының қабығы ескерілмеген көлемі (м3);

      4 элементі – математикалық қағидалар бойынша көрсеткішті үтірден кейін екі белгіге дейінгі дәлдікпен дөңгелектей отырып, әкетілетін ағаш материалдарының ылғалдылығы (пайызы);

      5 элементі – жапсырмалар саны;

      6 элементі – жапсырмалардың нөмірі.

      Бұл мәліметтер ТД құрылымының тиісті деректемелерінде электрондық құжат түрінде, ал ТД қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген кезде " / " бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі, элементтер арасындағы бос орындарға жол берілмейді.

      Егер декларацияланатын тауарға бірнеше ҚӨЖС 2 коды сәйкес келген жағдайда, схемаға сәйкес әрбір осындай код бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      5 және 6 элементтері тек Ресей Федерациясының орман заңнамасына және Ресей Федерациясының орман қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес міндетті түрде даналап таңбалауға жататын ағаш материалдарына қатысты ғана толтырылады. Қалған ағаш материалдарына қатысты 5 және 6 элементтері толтырылмайды.

      Жапсырмалардың нөмірлері ";" бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі. Қатарынан келесі жапсырмалардың нөмірлері тиісті диапазонның бірінші және соңғы нөмірлерін "-" бөлгіш белгісі арқылы қою жолымен көрсетіледі.";

      в) мынадай мазмұндағы 151-тармақшамен толықтырылсын:

      "151) 44-баған. "Қосымша ақпарат / ұсынылған құжаттар"

      Мәліметтер осы Тәртіптің 15-тармағының 42-тармақшасына сәйкес ТД 44-бағанын толтыру үшін белгіленген тәртіппен бағанға мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып енгізіледі.

      Ресей Федерациясында ағаш материалдарын декларациялау кезінде осы Тәртіптің 15-тармағының 42-тармақшасының қырық бесінші абзацына сәйкес көрсетілген сүрекпен жасалған мәмілелер туралы декларацияның нөмірі мен берілген күнінен басқа, сүрек пен оны қайта өңдеу өнімдерін тасымалдауға арналған электрондық ілеспе құжаттың сәйкестендіру нөмірі мен күні қосымша көрсетіледі.".

      2. Көрсетілген Тәртіпке № 4 қосымшада:

      а) II бөлімдегі 3-бағандағы мәтін бойынша "қабығы ескерілмеген (м3)", "қабығы ескерілген (м3)", "номиналды мөлшерлерді есепке алғанда (м3)" деген сөздерден кейін "***"белгісімен толықтырылсын;

      б) мынадай мазмұндағы 3-ескертпемен толықтырылсын:

      "3. "***" белгісімен белгіленген тауарлар туралы мәліметтер Ресей Федерациясында Ресей Федерациясының орман заңнамасына және Ресей Федерациясының орман қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес кодтар тізбесі бойынша есепке алынуға жатпайтын тауарларға қатысты көрсетілуге жатады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады