2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 23 маусымдағы "Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті туралы" № 45 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 2-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
б) көрсетілген Шешіммен қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 044/2017) № 1 қосымшаның 1-позициясында 3-графадағы ">60,0" цифрлары ">100,0" цифрларымен, 4-графадағы "≤ 60,0" цифрлары "≤ 100,0" цифрларымен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |