Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған тауарлардың бірыңғай тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 134 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 1-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 45-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған тауарлардың бірыңғай тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 1518 00-ден, 2102-ден, 2309-дан, 2936-дан, 3002-ден, 3203 00-ден,3302-ден, 3504 00-ден, 3507-ден, 3808-ден, 3824-тен кодтары бар позицияда бірінші графада "3824-тен" деген сөздер "3823-тен, 3824-тен" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
М.Григорян

Беларусь
Республикасынан
И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә.Смайылов

Қырғыз Республикасынан
А.Кожошев

Ресей Федерациясынан
А.Оверчук

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады