Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 98 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 139 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 047/2018) туралы" № 98 шешімінің 2-тармағында "2022 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер "2024 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан
М.Григорян

Беларусь Республикасынан
И.Петришенко

Қазақстан Республикасынан
Ә.Смайылов

Қырғыз Республикасынан
А.Кожошев

Ресей Федерациясынан
А.Оверчук

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады