Еуразиялық экономикалық комиссияның 2020 жылғы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу мониторингі жөніндегі жыл сайынғы есебі туралы ақпаратын назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу рәсімін жетілдіру және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының ІІ бөлімінің 9.1.6 және 9.1.15-тармақшаларын іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның қабылданған шешімдерінің нақты әсерін бағалау механизмін ендіру жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |