Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың ("жол картасы") жоспары туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 16 Өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 4-бабының үшінші абзацына, 95-бабының 1-тармағының 3 және 4-тармақшаларына сәйкес:

      1.Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың ("жол картасы") жоспары бекітілсін.

      2.Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, осы Өкіммен бекітілген жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етсін.

      3.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан
 

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз Республикасынан
 
 

Ресей Федерациясынан
 
 

  Еуразиялық үкіметаралық кеңестің
2021 жылғы 20 тамыздағы № 16 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың ("жол картасы") ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы

Іске асыру нысаны

Орындау мерзімі

Орындаушы
 

1. Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің еркін (кедергісіз) өткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық шарт әзірлеу, соның ішінде:
салыстырмалы, соның ішінде "Органикалық өнімдерді өндіру, өңдеу, таңбалау және сату үшін нұсқама" CAC/GL 32-1999 Алиментариус кодексінің талаптарына сәйкестікке талдау жүргізу негізінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімі өндірісіне қойылатын мүше мемлекеттердің заңнамасының талаптарын үндестіру немесе біріздендіру жөнінде ұсыныстар дайындау
органикалық ауыл шаруашылығы өнімін таңбалауға және орындылығын жан-жақты бағалау қорытындысы бойынша ілеспе құжаттарға қойылатын мүше мемлекеттердің заңнамасының талаптарын үндестіру немесе біріздендіру жөнінде ұсыныстар дайындау
мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (ұйымдары) берген органикалық ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің және органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды (соның ішінде органикалық өнім өндірісіне қойылатын талаптарды сақтауды бақылаудың қағидалары мен рәсімдерін) өзара тануды қамтамасыз ету үшін мүше мемлекеттердің заңнамасының талаптарын үндестіру немесе біріздендіру жөнінде ұсыныстар дайындау
мүше мемлекеттерде органикалық ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің және органикалық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын аккредиттелген органдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау
үшінші елдерде шығарылған органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің Одақтың ішкі нарығына қол жеткізуін реттеу жөнінде ұсыныстар дайындау
мүше мемлекеттерде органикалық ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің және айналысының ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау

халықаралық шарт жобасы
Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитет отырысының хаттамасы
Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитет отырысының хаттамасы
 
Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитет отырысының хаттамасы
Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитет отырысының хаттамасы
Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитет отырысының хаттамасы
Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитет отырысының хаттамасы

2021-2022 жылдар
2021 жыл
 
2021 жыл
2022 жылдың бірінші жарты жылдығы
2022 жылдың бірінші жарты жылдығы
2022 жылдың бірінші жарты жылдығы
2022 жылдың бірінші жарты жылдығы
 

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) уәкілетті органдары
Комиссия, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары
Комиссия, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары
Комиссия, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары
Комиссия, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары
Комиссия, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары
Комиссия, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары

2. Комиссияның Халықаралық органикалық ауыл шаруашылығы үшін қозғалысы федерациясымен (IFOAM) және Органикалық ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен (FIBL) ынтымақтастық туралы меморандумдарының жобасын дайындау

меморандумдар

2023 жыл

Комиссия, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары

3. Мүше мемлекеттерде өндірілген органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің үшінші елдердің нарықтарына қол жеткізуі мәселелері бойынша ұсынымдар тұжырымдау

Одақ органдарының актілері (қажет болуына қарай)

2023-2025 жылдар

Комиссия, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады