2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабының 6-тармағына сәйкес:
1. 2022 жылғы 31 қазаннан бастап 16 қарашаға дейінгі аралықтағы кезеңде Еуразиялық экономикалық одақ Сотының және 2022 жылғы 17 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейінгі аралықтағы кезеңде Еуразиялық экономикалық комиссияның 2018-2020 жылдар ішіндегі қаржы-шаруашылық қызметіне ревизия жүргізілсін.
2. Ревизиялық топтың мына құрамы бекітілсін:
Қырғыз Республикасынан
Бердыбаев |
- Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі аудит бөлімінің бас маманы (ревизиялық топтың төрағасы) |
Армения Республикасынан
Абгарян |
- Армения Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы-бюджеттік бақылау басқармасы дерекқорларды басқару, тексерулерді талдау мен үйлестіру бөлімінің бас бақылаушысы |
Беларусь Республикасынан
Главинская | - Беларусь Республикасы Қаржы министрлігі Бақылау-ревизия бас басқармасы бюджеттік қаражатты пайдалануды қаржылық бақылау басқармасының консультанты (Еуразиялық экономикалық комиссияда ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың құрамында) |
Адамович | - Беларусь Республикасы Қаржы министрлігі Бақылау-ревизия бас басқармасы бақылау жұмысын ұйымдастыру бөлімінің консультанты (Еуразиялық экономикалық одақ Сотында ревизия жүргізу жөніндегі ревизиялық топтың құрамында) |
Қазақстан Республикасынан
Мүтиев |
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Сәйкестік аудиті басқармасының басшысы |
Ресей Федерациясынан
Кудряшова | - Федералдық қазынашылықтың Ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау қызметі, сот жүйесі және қорғаныс кешені саласындағы бақылау-ревизия басқармасының әділет, прокуратура, тергеу және сот жүйесі органдары бақылау-ревизия бөлімінің бастығы. |
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения | Беларусь Республикасынан |
Қазақстан |
Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |