Кедендік әкелу, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомаларын аударудың уақытша тәртібі туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 1 шешімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) үкіметтері және мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа кедендік әкелу баждарының (баламалы түрде қолданылатын өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 5 қосымша) қатысты бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын шұғыл түрде дайындасын, онда осы Шешімнің 2-тармағында көрсетілген ережелер және осы ережелердің 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қатысты қолданылуы көзделсін және ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында қарау үшін ұсынсын.

      2.  Мүше мемлекеттер уақытша, өзара келісім бойынша, осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енгенге дейін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған кедендік, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары сомаларының есебіне ақша қаражатын Ресей рублімен де (мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері ұлттық валютада ақша қаражатын аудару күнінен кейінгі жұмыс күніне белгілеген ұлттық валюталардың ресми бағамдары бойынша) аудару жөніндегі қарсы міндеттемелерді орындауды жүзеге асыру мүмкіндігін негізге алсын.

      Бұл ретте, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 маусымды қоса алғандағы аралықта мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің көрсетілген міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін өсімпұлдар есептелмейтіні негізге алынсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан
 

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 

Қырғыз
Республикасынан
 

Ресей
Федерациясынан
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады