2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп Индонезия Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасу туралы келіссөздерді бастасын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген келіссөздерге арналған директиваларды бекітсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз |
Ресей |