Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі №798 шешімімен бекітілген Зерттеу (сынау) және өлшеу қағидаларын, соның ішінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі мынадай мазмұндағы 184 және 185 позицияларымен толықтырылсын:
"
184 | 2-қосымша | МВИ.МН 6309-2020 * | Су және ауа орталарында поликарбонаттан жасалған бұйымдардан бөлінетін хлорбензолдың массалық концентрациясы. Газ хроматографиясы әдісімен өлшеулерді орындау әдістемесі | 2020.29.10. аттестаттау туралы куәлік № BY 00120; 2022 01.06 бастап қолданылады |
185 | KZ.А.01.0602 * | Массалық шоғырлану бірлігінде, полистиролдан және стирол сополимерлерінен жасалған бұйымдардағы бутадиеннің су және ауа орталарында көрсетілген миграция деңгейін өлшеуді орындау әдістемесі | 2020. 22.10 аттестаттау туралы куәлік № 168; 2022 01.06 бастап қолданылады |
".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |