Кедендік декларация беру өзіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 046/2018) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат жайындағы мәліметтерді) ұсынумен қоса жүретін өнімнің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 6 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Кедендік декларация беру өзіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 046/2018) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат жайындағы мәліметтерді) ұсынумен қоса жүретін өнімнің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 11 қаңтардағы
№ 6 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кедендік декларация беру өзіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 046/2018) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты (сәйкестікті бағалау туралы құжат жайындағы мәліметтерді) ұсынумен қоса жүретін өнімнің ТІЗБЕСІ

Өнімнің атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН

Сәйкестікті бағалау туралы құжат (сәйкестікті бағалау туралы құжат жайындағы мәліметтер)

Ескертпе

1

2

3

4

1. Магистралды газ құбыры бойынша тасымалдауға дайындалған жанғыш табиғи газ

2711 21 000 0

сәйкестік туралы декларация


2. Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы жанғыш табиғи газ

2711 21 000 0

сәйкестік туралы декларация


3. Сығылған жанғыш табиғи газ

2711 21 000 0

сәйкестік туралы декларация


4. Сұйытылған жанғыш табиғи газ

2711 11 000 0

сәйкестік туралы декларация


      Ескертпе: Осы тізбені қолдану мақсаты үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады