Кілем өндірісіне арналған латекске қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 7 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 18-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 4002 11 000 1 кодымен сыныпталатын кілем өндірісіне арналған латекске қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 4002 11 000 1 коды бар позиция төртінші графада "51С)" ескертпеге сілтемемен толықтырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынана мазмүндағы 51С ескертпесімен толықтырылсын;

      "51С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 2022.01.01. бастап қоса алғанда 2024.31.12. дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады