Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 тапсырмасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 129 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шара қолдануды бастау мерзімі 2022 жылғы 1 қазанға ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2021 жылғы 1 сәуірден бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |