2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 30-бабына, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 7-бабының 3-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 26-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 172 шешімімен бекітілген Дәрілік нысандардың номенклатурасы мынадай мазмұндағы 23.311 позициясымен толықтырылсын:
"23.311. | перфузияға арналған ерітінді | ағзаны және тінді ишемиядан қорғау мақсатында тамыр ішіне және қуыс ішілік енгізуге арналған стерилді ерітінді". |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |