2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 52 шешіміне ҚОСЫМША |
Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 27-тарауда:
а) атауында:
"малдың" деген сөз "малдың," деген сөзбен ауыстырылсын;
"*" сілтеме белгісімен толықтырылсын;
б) атауындағы тиісті септіктегі "сүт өнімдері" деген сөздер тиісті септіктегі "сүт өнімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) оныншы абзацта:
екінші сөйлемдегі мемлекеттік тілдегі мәтіндер өзгермейді";
үшінші сөйлемдегі мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
г) мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:
"* Осы тарауда көзделген талаптар ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын және құрамында кез келген мөлшердегі сүт компоненттері бар тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген ЕАЭО ТН ВЭД 1901 және 2106 позицияларындағы тауарларға (тамақ өнімдеріне) да қолданылады.
2. Аталған Бірыңғай талаптарға № 1 қосымшада:
а) мынадай мазмұндағы 741 және742 позициялармен толықтырылсын:
"741 | 1901 90 920 0-ден | 0401 - 0404 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының шикізатынан жасалған ұнтақ түріндегі тамақ өнімдерін қоспағанда, сүт майы жоқ немесе құрамындағы сүт майының салмағы 1,5 масс.%-дан кем емес, ЕАЭО СЭҚ ТН 0401 - 0404 тауар позицияларының шикізатынан дайындалған дайын тамақ өнімдері 8 | ветеринариялық сертификат | иә | шара үшінші елдерден Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарына әкелінетін тауарларға қолданылады, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ импортқа рұқсат қағазында және ветеринариялық сертификатта бақылаудағы тауарларды айналысқа шығарған кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы болуы тиіс |
742 | 1901 90 980 0-ден | 0401 - 0404 ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының шикізатынан және ЕАЭО СЭҚ ТН басқа позицияларында аталмаған немесе оларға енгізілмеген шикізаттан жасалатын ұнтақ түріндегі тамақ өнімдерін қоспағанда, құрамында сүт майының салмағы 1,5 масс.%-дан кем емес, ЕАЭО СЭҚ ТН 0401 - 0404 тауар позицияларының шикізатынан дайындалған дайын тамақ өнімдері 8 | ветеринариялық сертификат | иә | шара үшінші елдерден Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарына әкелінетін тауарларға қолданылады, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ импортқа рұқсат қағазында және ветеринариялық сертификатта бақылаудағы тауарларды айналысқа шығарған кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы болуы тиіс |
б) 81-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"81 | 2106 90 930 0-ден | Өсімдік майлары немесе сүт майының салмағы 1,5% аз майлары бар дайын тағам өнімдері8 | ветеринариялық сертификат | иә | шара үшінші елдерден Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарына әкелінетін тауарларға қолданылады, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ импортқа рұқсат қағазында және ветеринариялық сертификатта бақылаудағы тауарларды айналысқа шығарған кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы болуы тиіс |
в) мынадай мазмұндағы 811 – 813 позициялармен толықтырылсын:
"811 | 2106 90 980 4-ден | Тағамдық қоспалар немесе жануарлар майларын немесе өсімдік текті майлардың немесе тоң майлардың немесе құрамында салмағы 15%-дан астам сүт майлары бар олардың фракцияларының тұтынуға арналған қоспалары немесе дайын өнімдері8 | ветеринариялық сертификат | иә | шара үшінші елдерден Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарына әкелінетін тауарларға қолданылады, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ импортқа рұқсат қағазында және ветеринариялық сертификатта бақылаудағы тауарларды айналысқа шығарған кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы болуы тиіс |
812 | 2106 90 980 5-ден | Ірімшік фондюы | ветеринариялық сертификат | иә | шара үшінші елдерден Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарына әкелінетін тауарларға қолданылады, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ импортқа рұқсат қағазында және ветеринариялық сертификатта бақылаудағы тауарларды айналысқа шығарған кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы болуы тиіс |
813 | 2106 90 980 8-ден | ЕАЭО СЭҚ ТН басқа позицияларында аталмаған немесе оларға енгізілмеген құрамында сүт компоненті бар дайын тамақ өнімдері 8 | ветеринариялық сертификат | иә | шара үшінші елдерден Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарына әкелінетін тауарларға қолданылады, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тізілімге енгізу талап етілмейді, бірақ импортқа рұқсат қағазында және ветеринариялық сертификатта бақылаудағы тауарларды айналысқа шығарған кәсіпорынның нөмірі және (немесе) атауы болуы тиіс |
г) мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:
"8. Мамандандырылған өнімдерді, соның ішінде балалар тағамын; витаминді-минералды (витаминдік, минералды) топтамаларды (премикстер); хош иістендіргіштер мен дәмдеуіш қоспаларды; ақуыздар концентраттары мен изоляттарын (жануарлар мен өсімдік тектес) және олардың қоспалары негізіндегі өнімдерді; саңырауқұлақ концентраттарын; жүгері тұздықтарын; диеталық талшықтарды, тағамдық қоспаларды (соның ішінде күрделі қоспаларды); биологиялық белсенді тағамдық қоспаларды; балалар тағамын өндіру үшін шикізат ретіндегі тамақ өнімдерін; кофе сусындарына арналған криммерлерді; кондитерлік өнімдерді өндіруге арналған глазурь, пасталар, салмалар және толтырғыштарды; қамырды дайындауға арналған концентраттарды қоспағанда. Тауарларға қатысты ветеринариялық бақылау жүргізілмейді, демек осы тізбенің 4-6-бағандарында көрсетілген шаралардың бірде-біреуі қолданылмайды.".