2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мынадай:
а) Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 031/2012) өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 127 шешімі күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған дөңгелекті және шынжыр табанды ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің және олардың компоненттерінің Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде (КО ТР 031/2012) (бұдан әрі - техникалық регламент) белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды;
б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімді өндіруге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналымға шығаруға осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі;
в) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналымға шығарылған техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімнің айналымына осы өнімнің жарамдылық (қызмет) мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |