Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 70 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 120-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы "Тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару жөніндегі өтініш туралы" № 171 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 26 сәуірдегі
№ 70 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген Шешіммен бекітілген тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш нысанында 18-графаның 6-бағанының атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Брутто салмағы/нетто салмағы".

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібінде:

      а) 30-тармақтың екінші абзацы "таразы" деген сөзден кейін "брутто" деген сөзбен толықтырылсын;

      б) 36-тармақтың жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтары мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:

      "6-бағанда:

      тауардың брутто салмағы (кг). Брутто массасы деп айналымға түскенге дейін оның жай-күйінің өзгермеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ораманың барлық түрлерін қоса алғанда, бірақ контейнерлер мен басқа да көлік жабдықтарын қоспағанда, тауардың массасы түсініледі;

      оған қатысты мынадай шаралар қолданылған жағдайларда тауардың таза салмағы (кг):

      лицензиялауды енгізу арқылы іске асырылатын әкелудің және (немесе) әкетудің рұқсат беру тәртібі;

      әкелуді және (немесе) әкетуді сандық шектеу;

      экспорттың және (немесе) импорттың айрықша құқығы;

      кеден органына өтініш берілетін мүше мемлекеттің біржақты тәртіппен тарифтік емес реттеудің уақытша шараларын енгізуі;

      тарифтік квоталар;

      арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық квоталар;

      мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген экспорттық бақылау.

      Таза масса деп:

      буып-түйілген түрде өткізілетін тауар үшін:

      тек бастапқы қаптаманы ескере келгендегі тауар массасы (егер мұндай қаптамада тұтыну қасиеттеріне негізделе отырып, тауар бөлшек сауда үшін және (немесе) тауарды сату кезінде оның сақталуына ықпал ететін бастапқы қаптамада ұсынылса, тауардың тұтынушылық қасиеттерін бұзбай тауардан оны тұтынғанға дейін бөлуге болмайды);

      қалған жағдайларда қандай да бір қаптаманы есепке алмағандағы тауар массасы;

      қаптамасыз (үйіп, құйып, төгіп) өткізілетін тауар үшін - тауардың массасы түсініледі.

      Көрсетілген мән математикалық қағидалар бойынша үтірден кейін 3 белгіге дейінгі дәлдікпен, ал егер тауардың массасы 1 грамнан кем болған жағдайда – үтірден кейін 6 белгіге дейін дөңгелектенеді.

      Бұл мәліметтер өтініште электрондық құжат түрінде өтініш құрылымының тиісті деректемелерінде көрсетіледі, ал қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі өтініште - бөлгіш белгісі "/" арқылы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады