Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне жаңғақтардың және тұқымдардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 74 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кірістірілсін;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 62С ескертпесімен толықтырылсын:

      "62С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 74 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2025.30.06 дейінгі аралықта қолданылады.".

      2.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесіне жаңғақтар мен тұқымдардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 12 мамырдағы
№ 74 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосымша өлшем бірлігі

1207 99 960 0

----- өзгелері

-

1212 99 950 0

----- өзгелері

-

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 12 мамырдағы
№ 74 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кірістірілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосымша өлшем бірлігі

1207 99 960

---------- өзгелері:


1207 99 960 1

------- ши жаңғақтары (Vitellaria paradoxa C. F. Gaertn.), шорея жаңғақтары (Shorea macrophylla (de Vries) PS Ashton, Shorea stenoptera Burck), май жаңғақтары (Shorea robusta C. F. Gaertn.), қабықта немесе қабықтан тазартылған; үнді гарциниясының тұқымдары (Garcinia indica (Thouars) Choisy)

-

1207 99 960 9

-------- өзгелері

-

1212 99 950

---------- өзгелері:


1212 99 950 1

--------- үнді мангиферасы (манго) жемістерінің сүйектері (Mangifera indica L.) және олардың ядролары

-

1212 99 950 9

-------- өзгелері

-

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 12 мамырдағы
№ 74 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не еуромен не АҚШ долларымен)

1207 99 960 1

------------ ши жаңғақтары (Vitellaria paradoxa C. F. Gaertn.), шорея жаңғақтары(Shorea macrophylla (de Vries) PS Ashton, Shorea stenoptera Burck), май жаңғақтары (Shorea robusta C. F. Gaertn.), қабықта немесе қабықтан тазартылған;
үнді гарциниясының тұқымдары (Garcinia indica (Thouars) Choisy)

562С)

1207 99 960 9

-------- өзгелері

5

1212 99 950 1

---------- үнді мангиферасы (манго) жемістерінің сүйектері (Mangifera indica L.) және олардың ядролары

562С)

1212 99 950 9

-------- өзгелері

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады