Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 75 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді оңтайландыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналардың:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі "Кедендік әкелу баждарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валютасындағы сомалары үшін АҚШ долларында ақша қаражатын сату (сатып алу) көлемдері туралы есепті ұсыну туралы" № 37 шешімінің;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 37 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 107 шешімінің;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 37 шешіміне қосымшаға өзгерістер енгізу туралы" № 174 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады