2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8504 31 800 1 кіші қосалқы позициясының атауындағы "сплиттрансформаторлар" деген сөз "сплиттрансформаторлар," деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген оларға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 8504 31 800 1 коды бар позициясының атауында "сплиттрансформаторлар" деген сөз "сплиттрансформаторлар," деген сөзбен ауыстырылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |