2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылған тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың 45-тарауына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) екінші абзацтағы "жануарлардың мына жұқпалы аурулары" деген сөздер "соңғы 6 ай ішіндегі құтырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын;
в) бесінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Ветеринариялық сертификатты берген ветеринариялық дәрігер иммунитетті бір жылдан астам құрайтын вакцинамен ұстап тұру мерзімі аяқталмағанын растаған немесе иммунитеттің 0,5 ХБ/мл кем емес қауырттылығы (тек құтырма үшін) зертханалық расталған кезде, шәуетті іріктеуге дейін 12 айдан астам уақыт бұрын инфекциялық ауруларға қарсы егілген донор-төбеттердің шәуетін әкелуге және (немесе) орнын ауыстыруға жол беріледі.";
г) сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Донор-төбеттер жыл сайын паразитке қарсы препараттармен емделуден өтеді.";
д) оныншы абзац алып тасталсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |