Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын төбеттер шәуетіне (№ 46 нысан) арналған ветеринариялық сертификаттың нысанына мынадай өзгерістер енізілсін:
а) 4.1-тармақта:
екінші абзацтағы "жануарлардың мына жұқпалы аурулары" деген сөздер "соңғы 6 ай ішіндегі құтырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын;
б) 4.2-тармақ "(бір жылдан астам инфекциялық ауруларға қарсы вакцинамен иммунитетті ұстап тұру мерзімі өтпеген немесе иммунитеттің 0,5 ХБ/мл кем емес қауырттылығы зертханалық расталған жағдайларды қоспағанда (тек құтырма үшін)" деген сөздермен толықтырылсын;
в) 4.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4.5. Донор-төбеттер жыл сайын паразитке қарсы препараттармен емделуден өтеді.";
г) 4.7-тармақ алып тасталсын.
2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне сәйкес әзірленген, осы Шешім күшіне енгенге дейін № 46 нысан бойынша шығарылған ветеринариялық сертификаттардың бланкілері 2023 жылғы 1 маусымға дейін пайдаланылады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |