Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ыстықтай тапталған болат бұрыштықтарға қатысты демпингке қарсы шараларды қолдануды ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 23 мамырдағы № 85 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 3 қазандағы "Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ыстықтай тапталған болат бұрыштықтарға қатысты демпингке қарсы шараларды қолдану туралы" № 133 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шаралардың қолданылуы қоса алғанда 2023 жылғы 8 наурызға дейнгі аралыққа ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 8 наурызға дейнгі аралықта алдын ала демпингке қарсы баждар алу үшін белгіленген тәртіпте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 3 қазандағы № 133 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2022 жылғы 3 шілдеден кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады