Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 61 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 13 шілдедегі № 99 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібінің 50-тармағының бірінші абзацын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 139 шешімінің 1-тармағын есепке ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО TP 047/2018) өтпелі ережелері туралы" 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 61 шешімінің 1-тармағы "а" тармақшасының бірінші абзацындағы" "б" тармақшасындағы және "в" тармақшасының бірінші абзацындағы "2024 жылғы 9 қаңтардан", "2024 жылғы 9 қаңтарға" деген сөздер "2027 жылғы 1 қаңтардан", "2027 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады