Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 19 шілдедегі № 105 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың 4-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшасының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 30 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – қолданылуы нәтижесінде ерікті негізде көрсетілген шешіммен бекітілген Кеден одағының "Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 019/2011) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің 194-позициясында 3-бағандағы "МЕМСТ 12.4.310-2016" деген сөздер "МЕМСТ 12.4.310-2020" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, ал олар болмаған жағдайда – зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағының "Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 019/2011) талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажет үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесінің 425-позициясында 3-бағанда "МЕМСТ 12.4.310-2016" деген сөздер "МЕМСТ 12.4.310-2020" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады