Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ережеге № 2 қосымшаның 21–тармағына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 2 тамыздағы № 111 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ережеге (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 15 қосымша) № 2 қосымшаның 21 –тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "123,2 МГц +/– 0,32 % немесе 122,8 – 123,59 МГц;";

      б) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "298 МГц + 2,35 %/– 11,08 % немесе 264,98 – 305 МГц.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады