Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмайтын, кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар санаттарын анықтау және Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 18-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 9 тамыздағы № 112 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 5-тармағына және 240-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған мынадай тауарлар:

      а) (осы тауарлар онда кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес акцизделетін тауарларды қоспағанда) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар және қалған қалдықтар);

      б) тауарларды буып-түюге және қорғауға арналған айналымға көп түсетін (қайтарылатын) ыдыс кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмайды деп белгіленсін.

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 18-тармағына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      3.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
В. Назаренко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 9 тамыздағы
№ 112 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 18-тармағына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 9) тармақшада:

      а)  жиырма бірінші абзац "Декларацияланатын" деген сөз "Осы тармақшаның жиырма екінші – жиырма төртінші (кестеден кейін) абзацтарында көзделген жағдайды қоспағанда, декларацияланатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б)  жиырма бірінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Бағанда кеден аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмайтын мынадай тауарлар кері экспорт кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайда осы тармақшаның үшінші – жиырмасыншы абзацтарына сәйкес (кестеден кейін) көлік құралдары туралы мәліметтер көрсетіледі:

      кеден аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар мен қалған қалдықтар);

      тауарларды буып-түюге және қорғауға арналған айналымға көп түсетін (қайтарылатын) ыдыс.".

      2. 11) тармақшада:

      а)  он жетінші абзац "Декларацияланатын" деген сөз "Осы тармақшаның он сегізінші – жиырмасыншы (кестеден кейін) абзацтарында көзделген жағдайды қоспағанда, декларацияланатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б)  он жетінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Бағанда кеден аумағы бойынша тасымалдау (тасу) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмайтын мынадай тауарлар кері экспорт кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайда осы тармақшаның екінші – он бесінші абзацтарына (кестеден кейін) сәйкес көлік құралдары туралы мәліметтер көрсетіледі:

      кеден аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде алынған (пайда болған) тауарлар (қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар мен қалған қалдықтар);

      тауарларды буып-түюге және қорғауға арналған айналымға көп түсетін (қайтарылатын) ыдыс.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады