Қол электр құралдарын өндіруге арналған жиынтықтауыштардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 116 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 18-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8483 40 230 2, 8536 50 800 2 және 8545 20 000 1 кодтарымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен белгіленген қол электр құралдарын өндіруге арналған жиынтықтауыштардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 маусымды қоса алғанда кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 8483 40 230 2, 8536 50 800 2 және 8545 20 000 1 позициялардағы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "8С)" деген сілтеме "69С)" деген сілтемемен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпе мынадай мазмұндағы 69С ескертпемен толықтырылсын:

      "69С) Кедендік құнның 0 (ноль) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 01.07.2022 бастап 30.06.2023 дейінгі мерзімді қоса алғанда қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылатын тауарлардың тізбесіне және қол электр құралдарын өндіруге арналған ажыратқыштарға қатысты осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшеріне өзгеріс енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді және 2022 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады