Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 30 тамыздағы № 120 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 50-тармағын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімімен бекітілген Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру бойынша шаралар тізбесінің 2.10-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі "Кеден одағының "Жылжымалы теміржол құрамының қауіпсіздігі туралы", "Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы" және "Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттерін қабылдау туралы" № 710 шешімінің 3-тармағы 3.3) тармақшасының төртінші абзацы ", сондай-ақ 12-9920 және 12-9941 жартылай вагондар (теміржол жылжымалы құрамының (конустық) буксаларына арналған роликті мойынтіректер тербелісі бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 1 шілдеде туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады