Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тыңайтқыштарды сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 134 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 негізгі қағидасына сәйкес өсімдіктерді қоректендіру және топырақ құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын басқа заттар (мысалы, өсім гормондары, микроэлементтер) қосылған бірнеше қоректік заттар (азот, фосфор немесе калий) бар тыңайтқыштар Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының 3105 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Құрамында негізгі құрамдас компонент ретінде өсімдіктердегі жеке микроэлементтердің жетіспеушілігін толтыра отырып, тұқымдардың өнуіне және өсімдіктердің өсуіне ықпал ететін негізгі компоненттерден аз мөлшерде микроэлементтер (мысалы, бор), сондай-ақ бір немесе бірнеше қоректік заттар (азот, фосфор, калий) бар микротыңайтқыштар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 3824 тауар позициясында сыныпталады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады