Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 15 қазандағы №228 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 4 қазандағы № 136 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы Хаттаманың 8-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібінің 2-тармағының "а" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  "Кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 017/2011) талаптарына сәйкес бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен бірге жүретін өнімдер тізбесін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 15 қазандағы № 228 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 4 қазандағы
№136 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 15 қазандағы №228 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауындағы және 1-тармақтағы "Кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 017/2011) талаптарына сәйкес бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен бірге жүретін" деген сөздер "Кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын, Кеден одағының "Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 017/2011) талаптарына сәйкес міндетті бағалауға жататын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 017/2011) талаптарына сәйкес бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен бірге жүретін өнімдер тізбесінде:

      а) атауындағы "Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 017/2011) талаптарына сәйкес бағалау (растау) туралы құжатты ұсынумен бірге жүретін" деген сөздер "Кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын, Кеден одағының "Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 017/2011) талаптарына сәйкес міндетті бағалауға жататын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      б) 2-бағанның атауындағы "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 3-бағанның атауындағы "сәйкестікті бағалау (растау)" деген сөздер "сәйкестікті бағалау (сәйкестікті бағалау туралы құжат жөніндегі мәліметтер)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 2-позицияда:

      4-бағандағы мәтін бойынша "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Он екінші – он бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазыссын:

      "

Жайма өнімдері:



арнайы, қорғаныс, ведомстволық жаймалардан басқа

ішкі киімдер

6107-ден, 6108-ден,
6109-дан, 6207-ден,
6208-ден

сәйкестік сертификаты

суға түсетін киім мен үйге киетін халаттардан басқа";

төсек жаймасы

6302-ден

сәйкестік сертификаты


асхана және асүй жаймалары, орамалдар суға түсетін жаймалар

6302-ден

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


қол орамал

6213-тен

сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты


      4-бағандағы он алтыншы абзац "суға түсетін жаймалардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын";

      д) 5-позициядағы және ескертпедегі "КО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады