Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес инфузиялық жиынтықты сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 18 қазандағы № 146 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Катетерден, егетін алмалы-салмалы инеден, жұмсақ канюлядан және проксимальды коннектордан тұратын, жиынында қант диабетін емдеуде инсулин салу үшін қолданылатын инфузиялық жүйені құрайтын инсулин помпамен (жинақтамаға кірмейді) ғана бірге пайдаланылатын инфузиялық жиынтық Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасын интерпретациялаудың 1 негізгі қағидасына және Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 90-тобына 2 (б) ескертпеге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының 9021 тауар позициясында сыныпталады.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады