Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес қозғалтқыштың іске қосу алдындағы қыздырғыштарын сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 1 қарашадағы № 160 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. 220 В кернеулі электр желісіне қосылатын, герметикалық жылу алмастырғышта орналасқан электрлі қыздыру элементінен, бір корпуста орналасқан электронды басқару блогынан, қозғалтқыш контурымен салқындатқыш сұйықтықты циркуляциялауды жүзеге асыруға арналған ебелектен тұратын және электрлі қыздыру элементімен салқындатқыш сұйықтықты қыздыру есебінен көлік құралдарының іштен жану қозғалтқышын жылдың суық мезгілінде жылытуға арналған (оны іске қоспай) электрлі механикалық құрылғы болып табылатын қозғалтқыштың іске қосу алдындағы қыздырғышы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын интерпретациялаудың 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының 8419 89 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Көлік құралының отын багынан немесе қозғалтқыш қыздырғышының жинақтамасына кіретін жеке бактан отынды тұтынатын, көлік құралының аккумулятор батареясынан электр тогы арқылы қуат алатын, бір корпуста орналасқан жану камерасынан, жылу алмастырғыштан, қозғалтқыш контурымен салқындатқыш сұйықтықты айдауға арналған циркуляциялық сорғыдан, отын сорғысынан және электронды басқару құрылғысынан тұратын, жылу алмасу жүйесі арқылы өтетін салқындатқыш сұйықтықты отын қоспасының жануынан газбен қыздыру есебінен көлік құралдарының іштен жану қозғалтқышын жылдың суық мезгілінде жылытуға арналған (оны іске қоспай) электрлі механикалық құрылғы болып табылатын қозғалтқыштың іске қосу алдындағы қыздырғышы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын интерпретациялаудың 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының 8419 89 қосалқы позициясында сыныпталады.

      3.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады