Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімінің 2-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 1 қарашадағы № 166 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Көлік құралдарының электронды паспорттары (көлік құралдары шассиінің электронды паспорттары) мен өздігімен жүретін машиналар мен басқа да техникалардың электронды паспорттары жүйесінің жұмыс істеуі тәртібін бекіту туралы" 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімінің 2-тармағының "в" тармақшасында "2022 жылғы 1 қарашаға дейін" деген сөздер "Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында қоса алғанда 2022 жылғы 15 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 2 қарашадан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады