Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес "кокос сүті" тамақ өнімін сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 8 қарашадағы № 171 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кокос жаңғағының жұмсақ бөлігінің сумен экстракциялау алынған және өсімдік майының тиісті мөлшеріне дейін сумен араластырылған (майсыз кокос сүті үшін кемінде 5 пайыз немесе кокос сүті үшін кемінде 10 пайыз, бірақ 20 пайыздан аспайды), тағамдық қоспалар (тұрақтандырғыштар, эмульгаторлар) қосылған эмульсияны білдіретін, аспаздық мақсаттарда қолданылатын "кокос сүті" тамақ өнімі Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 негізгі ережесіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады