Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісінің негізгі сипаттамаларының (түрі мен басымдығы бойынша) анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 184 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісінің негізгі сипаттамаларының (түрі мен басымдығы бойынша) анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.

      2.  Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      анықтамалықтың кодтық белгілемелерін пайдалану зияткерлік меншік саласында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыру кезінде міндетті деп белгіленсін.

      4.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 184 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісінің негізгі сипаттамаларының (түрі мен басымдығы бойынша) анықтамалығы

I. Анықтамалықтан егжей-тегжейлі мәліметтер

Сипаттама коды

Сипаттама атауы

Сипаттаманың сипаты

ИНИД коды *

110

Сөз арқылы белгі

сөздер, сөз тіркестері, сөздік сипаты бар әріптер тіркестері, сөйлемдер, сондай-ақ олардың қиысуы түріндегі жалқы есімдерді білдіретін немесе қамтитын белгілеме

120

Әріптік белгі

әріптерден тұратын және сөзбен сипатталмайтын белгілеме

130

Цифрлық белгі

цифрлардан тұратын белгілеме

140

Бейнелік белгі

тіршілік иелерінің, заттардың, табиғи және өзге де объектілердің бейнелері, жазықтықта орындалған кез келген нысандағы фигуралар, сызықтардың, таңбалардың композициялары, сондай-ақ ерекше қаріппен немесе графикалық орындаудағы сөздер, әріптер және (немесе) цифрлар түріндегі белгілеме

150

Көлемдік белгі

тауардың нысанын немесе оның қаптамасын қоса алғанда, 3 өлшемде орындалған объектілер немесе фигуралар түріндегі белгілеме

554

160

Түсті білдіретін белгі

бір түс түрінде берілген белгілеме

558

170

Түстер үйлесімін білдіретін белгі

2 және одан да көп түстердің үйлесімі түрінде берілген белгілеме

558

180

Аралас белгі

белгілемелердің әр түрлерінің: сөз арқылы, әріптік, цифрлық, бейнелік және көлемдік элементтерінің қиысуынан жасалған белгілеме

210

Конвенциялық (оның ішінде көпше) басымдық

1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына қатысушы мемлекетте бірінші өтінімді (алғашқы өтінімдерді) беру күні бойынша белгіленеді

320

220

Көрме басымдығы

1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттердің бірінің аумағында ұйымдастырылған ресми немесе ресми танылған халықаралық көрмелерде Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі және (немесе) қызмет көрсету белгісі орналастырылған, экспонаттың ашық көрсетілімінің басталу күні бойынша белгіленеді

230

230

Халықаралық тіркеу күні бойынша басымдық (халықаралық тіркеу басымдығы)

1891 жылғы 14 сәуірдегі Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне және 1989 жылғы 27 маусымдағы Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттамаға сәйкес халықаралық тіркеу күні не халықаралық тіркеу басымдығы күні бойынша (егер халықаралық тіркеу басымдыққа ие болса) белгіленеді

151

240

Аумақтық кеңейту туралы жазба енгізілген күн бойынша басымдық

1891 жылғы 14 сәуірдегі Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне және 1989 жылғы 27 маусымдағы Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттамаға сәйкес аумақтық кеңейту туралы жазба енгізілген күн бойынша белгіленеді

646

250

Одақтың тауар белгісіне осы өтінім бөлінген Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне бастапқы өтінімді (басымдық) беру күні бойынша басымдық

Одақтың тауар белгісіне осы өтінім бөлінеген Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне бастапқы өтінім берілген күн бойынша белгіленеді, (бастапқы өтінімге басымдық болған жағдайда Одақтың тауар белгісіне бастапқы өтінім басымдығының күні)

220

II. Анықтамалық паспорты

Р/с

Элементтің белгілемесі

Сипаты

1

2

3

1

Коды

1039

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісінің негізгі сипаттамаларының (түрі мен басымдығы бойынша) анықтамалығы

4

Аббревиатурасы

ТБНСА

5

Белгілемесі

ЕО 039 - 2022 (1-ред.)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 184 шешімі

7

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастаған) күні

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 184 шешімінің күшіне ену күні

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталған күні

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілерін тіркеу, құқықтық қорғау және пайдалану мақсатында қолданылатын түрі мен басымдығы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілерінің негізгі сипаттамалары туралы мәліметтерді жүйелеу және кодтау

12

Аннотациясы (қолданылу саласы)

анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгілерін тіркеу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған

13

Түйін сөз

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісінің түрі, тауар белгісінің басымдығы, тауар белгісінің негізгі сипаттамасы, тауар белгісі және қызмет көрсету белгісі

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

зияткерлік меншік

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану

3 – анықтамалықты әзірлеу кезінде халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштар және (немесе) стандарттар қолданылмады

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) бар-жоғы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламасы жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – жүйелеудің реттік әдісі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. Анықтамалықтың мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды оператор Еуразиялық экономикалық одақ органының актісіне сәйкес орындайды. Мәні алып тасталған жағдайда, анықтамалықтың жазбасы алып тасталған күнінен бастап жарамсыз деп белгіленеді, Одақ органының анықтамалық жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін актісі туралы мәліметтер көрсетіледі. Анықтамалық кодтар бірегей болып табылады, анықтамалық кодтарын, оның ішінде жарамсыз кодтарды қайта пайдалануға жол берілмейді

19

Құрылымы

анықтамалық құрылымының сипаттамасы (анықтамалық құрамы, олардың мәндерінің ауқымы және қалыптастыру қағидалары) осы анықтамалықтың III бөлімінде келтірілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтағы мәліметтер ашық қолжетімді ақпаратқа жатады

21

Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі

белгіленбеген

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме

анықтамалықтан егжей-тегжейлі мәліметтер осы анықтамалықтың I бөлімінде келтірілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Анықтамалық құрылымның сипаттамасы

      1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда келесі бағандар (графалар) қалыптастырылады:

      "деректеме атауы – реттік нөмірі және деректеменің қалыптасқан немесе ресми сөз арқылы белгілемесі;

      "деректеме мәнінің саласы" – деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің сөз арқылы сипатталуы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілік (опционалдық) және деректемелердің ықтимал қайталану саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көп рет қайталануын көрсету үшін мынадай белгілемелер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      1..* – элемент міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (N > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен артық емес қайталануға тиіс (N > 1, m > n);

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен асырмай қайталануы мүмкін (m > 1).

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы және деректемелік құрамы

Деректеме атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеменің мәнін қалыптастыру қағидасы

Көпт.

1. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі мен қызмет көрсету белгісінің (түрі мен басымдығы бойынша) негізгі сипаттамалары

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

1..*

1.1. Сипаттама коды

символдар жолы.
Шаблон: \d{3}

кодтық белгілеме сериялық-реттік әдіспен қалыптастырылады

1

1.2. Сипаттама атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 500

атауы орыс тілінде сөз тіркесі түрінде қалыптастырылады

1

1.3. Сипаттаманың сипаты

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 500

атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

1

1.4. ИНИД* коды

символдар жолы.
Шаблон: \d{3}

ST. 60 библиографиялық деректерді сәйкестендіру үшін халықаралық цифрлық кодтар тізіміне сәйкес сипаттамалардың кодтық белгілемесі

0..1

1.5. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

1

1.5.1. Іс-қимылдың басталу күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күнді белгілеу

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген іс-қимылдың басталу күніне немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді

1

1.5.2. Іс-қимылдың басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

1

1.5.2.1. Акт түрінің коды

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісі түрінің кодтық белгілемесі

1

1.5.2.2. Акт нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.5.2.3. Акт күні

8601-2001 ИСО МЕМСТ сәйкес YYYY-MM-DD форматында күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

1.5.3. Іс-қимылдың аяқталу күні

8601-2001 ИСО МЕМСТ сәйкес YYYY-MM-DD форматында күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген іс-қимылдың аяқталу күніне сәйкес келеді

0..1

1.5.4. Іс-қимылдың аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

0..1

1.5.4.1. Акт түрінің коды

символдардың қалыпқа келтірілген жолы. Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісі түрінің кодтық белгілемесі

1

1.5.4.2. Акт нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.5.4.3. Акт күні

8601-2001 ИСО МЕМСТ сәйкес YYYY-MM-DD форматында күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

      *Библиографиялық деректерді сәйкестендіруге арналған халықаралық цифрлық код.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады