Қытай Халық Республикасынан шығатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін полимерлі жабыны бар металл илеміне қатысты демпингке қарсы шараның қолданысын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 186 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағында полимерлі жабыны бар металл илемін өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар туралы" 2012 жылғы 24 мамырдағы № 49 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданысы қоса алғанда 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін ұзартылсын.

      2.  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап – қоса алғанда 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 24 мамырдағы № 49 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 23 қаңтардан ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В.  Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады