Байланыс құралдары (арналары) түрлерінің тізбесі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 192 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған байланыс құралдары (арналары) түрлерінің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Тізбе Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мынадай:

      тізбе осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

      тізбе Одақ шеңберіндегі ортақ процестерді Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін Одақ органдарының актілеріне сәйкес Одақ шеңберінде ортақ процестерді іске асыру кезінде қолданылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 192 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Байланыс құралдары (арналары) түрлерінің ТІЗБЕСІ

I. Тізбеден егжей-тегжейлі мәліметтер

Байланыс құралы (арнасы) түрінің коды

Байланыс құралы (арнасы) түрінің атауы

Байланыс құралы (арнасы) түрінің ағылшын тіліндегі атауы

Тағайындау сипаты

AO

Дүниежүзілік желі ресурсының бірыңғай нұсқағыш (URL)

Uniform Resource Location (URL)

бірегей ресурс нұсқағышын (URL) сәйкестендіру. Синонимі: "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі сайттың мекенжайы

EM

электрондық пошта

Electronic mail

электрондық құралдар арқылы электрондық хабарламалар алмасу

FX

телефакс

Telefax

телефон желілері немесе басқа да электрондық ақпарат беру құралдары бойынша сигналдар арқылы тіркелген графикалық материалды (баспа түрінде) беру және тарату үшін пайдаланылатын құрылғы

TE

телефон

Telephone

телефон арқылы дауысты (деректерді) беру

TG

телеграф

Telegraph

мәтінді телеграф арқылы беру

TL

телекс

Telex

мәтінді (деректерді) телекс арқылы беру

ZA

арнайы байланыс


арнайы жөнелтімдерді қабылдауды, өңдеуді, сақтауды, тасымалдауды, жеткізуді (табыс етуді) қамтамасыз ететін пошта байланысының түрі

ZB

радиобайланыс


радиотолқындарды қолдану арқылы жүзеге асырылатын электр байланысы

ZZ

байланыстың өзге түрі


байланыстың өзге түрі

II. Тізбенің паспорты

Р/с№

Элементтің белгілемесі

Сипаты

1

2

3

1

Коды

1041

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

байланыс құралдары (арналары) түрлерінің тізбесі

4

Аббревиатурасы

БҚАТТ

5

Белгілемесі

ЕО 041- 2022 (1-ред.)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 192 шешімі

7

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастаған) күні

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 192 шешімі күшіне енген күннен бастап

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталған күні

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық комиссия

11

Мақсаты

тізбе Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ процестері шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде қолданылатын электрондық құжаттардың (мәліметтердің) құрамында берілетін байланыс деректерін сәйкестендіру үшін пайдаланылатын байланыс құралдарының (арналарының) түрлері туралы мәліметтерді жүйелеуге және кодтауға арналған

12

Аннотациясы (қолданылу саласы)

тізбені пайдалану мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
егер бұл Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен бекітілген технологиялық құжаттарда көзделсе, Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ процестері шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде қолданылатын электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қалыптастыру кезінде;
егер бұл Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерінде бекітілген осындай құжаттарды толтыру тәртібінде (қағидаларында) көзделсе, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына электрондық түрде ұсынатын құжаттарды толтыру кезінде

13

Түйін сөз

байланыс құралы, байланыс арнасы, байланыс ақпараты

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

барлық сала

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану

1 – анықтамалық БҰҰ-ның "Сommunication means type code" СЕФАКТ кодтарының тізбесімен үйлестірілген;
5- үйлестірудің аралас әдісі:
"ZA" – " ZZ" диапазондағы кодтық белгілер тек Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қолданылатын анықтамалық позициялар үшін резервке қойылады.

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) бар-жо,ы

2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламасы жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – жүйелеудің реттік әдісі

18

Жүргізу әдістемесі

1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. Анықтамалық мәндерін қосуды, өзгертуді немесе алып тастауды оператор Еуразиялық экономикалық комиссияның актісіне сәйкес немесе сенімді дереккөзге өзгерістер енгізу кезінде орындайды. Мәні алып тасталған жағдайда анықтамалықтың жазбасы алып тасталған күнінен бастап жарамсыз деп белгіленеді, анықтамалық жазбасының қолданылуының аяқталуын регламенттейтін Еуразиялық экономикалық комиссияның актісі туралы мәліметтер көрсетіледі. Анықтамалық кодтары бірегей болып табылады, анықтамалық кодтарын, оның ішінде жарамсыз кодтарды қайта пайдалануға жол берілмейді

19

Құрылымы

тізбе құрылымының сипаты (құрамы, олардың мәндерінің салалары және қалыптастыру қағидалары) осы тізбенің III бөлімінде келтірілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

тізбедегі мәліметтер ашық қолжетімді ақпаратқа жатады

21

Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі

сенімді дереккөзді жаңарту жиілігіне сәйкес (жарты жылда 1 рет)

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме

тізбеден егжей-тегжейлі мәліметтер осы анықтамалықтың I бөлімінде келтірілген

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

III. Тізбе құрылымның сипаттамасы

      1. Осы бөлім тізбенің құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Тізбенің құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда келесі бағандар (графалар) қалыптастырылады:

      "деректеме атауы – реттік нөмірі және деректеменің қалыптасқан немесе ресми сөз арқылы белгілемесі;

      "деректеме мәнінің саласы" – деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің сөз арқылы сипатталуы;

      "көпт." – деректеменің көптігі (міндеттілік (опционалдық) және деректемелердің ықтимал қайталану саны).

      3. Берілетін деректер деректемелерінің көп рет қайталануын көрсету үшін мынадай белгілемелер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);

      1..* – элемент міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (N > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен артық емес қайталануға тиіс (N > 1, m > n);

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен асырмай қайталануы мүмкін (m > 1).

      Кесте

Тізбенің құрылымы және деректемелік құрамы

Деректеме атауы

Деректеме мәнінің саласы

Деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Байланыс құралының (арнасының) түрі

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

1..*

1.1. Байланыс құралы (арнасы) түрінің коды

символдар жолы.
Шаблон: [A-Z]{2}

БҰҰ-ның "Сommunication means type code" СЕФАКТ кодтарының тізбесіне сәйкес қалыптастырылады

1

1.2. Байланыс құралы (арнасы) түрінің атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 250

БҰҰ "Сommunication means type code" СЕФАКТ кодтары тізбесіне сәйкес орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

1

1.3. Байланыс құралы (арнасы) түрінің ағылшын тіліндегі атауы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 250

БҰҰ-ның "Сommunication means type code" СЕФАКТ кодтарының тізбесіне сәйкес қалыптастырылады

0..1

1.4. Тағайындау сипаттамасы

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 250

БҰҰ "Сommunication means type code" СЕФАКТ кодтары тізбесіне сәйкес орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады

1

1.5. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

1

1.5.1. Іс-қимылдың басталу күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген іс-қимылдың басталу күніне немесе өзгерістер енгізілген күнге сәйкес келеді

1

1.5.2. Іс-қимылдың басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

1

1.5.2.1. Акт түрі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі түрінің кодтық белгілемесі

1

1.5.2.2. Акт нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.5.2.3. Акт күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

1.5.3. Іс-қимылдың аяқталу күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген іс-қимылдың аяқталу күніне сәйкес келеді

0..1

1.5.4. Іс-қимылдың аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларында айқындалады

0..1

1.5.4.1. Акт түрі

символдардың қалыпқа келтірілген жолы.
Шаблон: \d{5}

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі түрінің кодтық белгілемесі

1

1.5.4.2. Акт нөмірі

символдар жолы.
Ең аз ұзындығы: 1.
Ең көп ұзындығы: 50

Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді

1

1.5.4.3. Акт күні

МЕМСТ ИСО 8601-2001 сәйкес YYYY-MM-DD форматында күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады