Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген және қадағалап отыруға жатқызылған тауарлар туралы мәліметтерді қадағалап отырудың ұлттық жүйелеріне кірістіру және сақтау тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 3 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітілген Тауарлар тізбесіне кіргізілген тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру механизмін ендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мақсатында және 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру механизмі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 4, 5 және 11-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген және қадағалап отыруға жатқызылған тауарлар туралы мәліметтерді қадағалап отырудың ұлттық жүйелеріне қосу және сақтау тәртібі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 21 қаңтардағы
№ 3 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген және қадағалап отыруға жатқызылған тауарлар туралы мәліметтерді қадағалап отырудың ұлттық жүйелеріне кірістіру және сақтау ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген және қадағалап отыруға жататын тауарлар (бұдан әрі – тауарлар) туралы мәліметтерді ұлттық қадағалап отыру жүйелеріне кірістіру және сақтау қағидалары мен мерзімдерін айқындайды.

      2. 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру механизмі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 5-бабы 1-тармағының 1 және 3-тармақшаларында көрсетілген құжаттардан мәліметтер ұлттық қадағалап отыру жүйесіне тауарларды шығарған немесе ілеспе құжат жасалған күннен кейінгі күннен кешіктірмей кірістіріледі.

      Тауарларды көрмелерге, жәрмеңкелерге (көрмелерден, жәрмеңкелерден) өткізуді қоса, Комиссияның, тапсырманың, сақтаудың, мердігерліктің, қаржылық жалдаудың (лизингтің), коммерциялық қарыздың, логистикалық қызметтер көрсетудің шарттарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) аумағынан тауарларды өткізумен байланысты емес екіншісінің аумағына өткізген жағдайда, осындай тауарларды өткізу туралы құжаттардан Келісімнің 4-бабының 4-тармағы негізінде алынған мәліметтер, егер мұндай кірістіру мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, ілеспе құжат жасалған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей ұлттық қадағалап отыру жүйесіне кірістіріледі.

      3. Басқа мүше мемлекеттердің ұлттық қадағалап отыру жүйелерінен алынған мәліметтер мүше мемлекеттің ұлттық қадағалап отыру жүйесіне не ұлттық қадағалап отыру жүйелерінен алынған мәліметтерді оларды алған сәттен бастап 60 минуттан кешіктірмей сақтауға арналған мүше мемлекеттің жүйесіне кірістіріледі.

      4. Тауарлар мен олардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді ұлттық қадағалап отыру жүйелерінде сақтау ұлттық қадағалап отыру жүйесіне тауарлар айналымына байланысты соңғы операция туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап 5 жыл өткен соң, ал егер мұндай операциялар жүзеге асырылмаған жағдайда – тауарларға арналған декларациядан немесе осындай тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштен не Келісімнің 5-бабы 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген құжаттардан мәліметтер ұлттық қадағалап отыру жүйесіне келіп түскен күннен бастап 5 жыл өткен соң тоқтатылады.

      5. Келісімнің 11-бабының 1-тармағында айқындалған жағдайларға қосымша, дүлей зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдаяттарды алдына ала ескерту және олардың зардаптарын жою мақсатында ұлттық қадағалап отыру жүйесінде осындай орын ауыстыруға байланысты операциялар туралы мәліметтер болмаған кезде бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуге жол беріледі.

      Осы тармақта көрсетілген жағдайларда тауарларды өткізу тәртібі және ілеспе құжаттардың тізбесі мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

      6. Ұлттық қадағалап отыру жүйесінде байланыс құралдарының (телекоммуникациялық желілердің және ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісінің) жұмысындағы техникалық іркілістерден, бұзылулардан, электр энергиясының берілмеуінен туындаған ақпараттық жүйелердің ақаулығына байланысты осындай өткізумен байланысты операциялар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына тауарларды өткізу мұндай мән-жайлар туындаған сәттен бастап оларды жойғанға дейінгі кезеңде қағаздағы жеткізгіштерде жасалған ілеспе құжаттарды пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ұлттық қадағалап отыру жүйесіне кірістірілетін мәліметтерді жинауды, есепке алуды, сақтауды және өңдеуді қамтамасыз етуге және (немесе) қадағалап отыру механизмін іске асыруға уәкілеттік берілген мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы ақпарат берудің қолжетімді тәсілдерін пайдалана отырып, басқа мүше мемлекеттердің ұлттық қадағалап отыру жүйесіне кірістірілген мәліметтерді жинауды, есепке алуды, сақтауды және өңдеуді қамтамасыз етуге уәкілеттік берілген мемлекеттік билік органдарын және Еуразиялық экономикалық комиссияны тиісті мән-жайлардың туындағаны туралы оларды анықтау күні мен уақытын көрсете отырып, сондай-ақ бұл мән-жайлардың анықталған (жойылған) сәттен бастап 60 минут ішінде жойылғаны туралы хабардар етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады