2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 2917 36 000 0 кодымен сыныпталатын терефтал қышқылына және оның тұздарына қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2024 жылғы 31 наурызға дейінгі аралықта кедендік құннан 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 2917 36 000 0 коды бар позиция төртінші графада "52С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 52С ескертпесімен толықтырылсын:
"52С) Кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 21 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2024.31.03. дейінгі аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
В. Григорян | И. Петришенко | Б.Сұлтанов | А.Кожошев | А. Оверчук |