Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсатында тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына № 11 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 23 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсатында тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына № 11 қосымша мынадай мазмұндағы 10-21 тармақтармен толықтырылсын:

      "10. Бульдозерлердің бұрылатын және бұрылмайтын қайырмалары

      11. Топырақты, тасты, кенді және өзге минералдық заттарды араластыруға және ұқсатып өңдеуге арналған машиналар

      12. Екіаяқты велосипедтер және қозғалтқышсыз өзгелері

      13. Автоағаштасушылар

      14. Өрт көлік құралдары, соның ішінде өрт автомобильдері мен өрт автоцистерналары

      15. Авариялық-құтқару қызметі мен полицияға арналған көлік құралдары

      16. Мұнай және газ ұңғымаларын қамтуға арналған көлік құралдары

      17.Ұзартылмалы тіркемені пайдалана отырып, жүк тасымалдауға арналған көлік құралдары

      18. Жалпы арналымдағы (әмбебап) контейнерлер

      19. Мамандандырылған контейнерлер

      20. Қоймаларды механикаландыруға арналған көтеру машиналары

      21. Радиаторлар және олардың бөліктері (ЕАЭО СЭӨ ТН 8708 кодынан)".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Жапаров

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады