Электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарының жекелеген түрлеріне қатысты Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.38-тармақшамен толықтырылсын:

      "7.1.38. ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 кодымен сыныпталатын және Армения Республикасына 2022 жылы 7 мың дана және 2023 жылы 8 мың дана, Беларусь Республикасына – 2022 жылы 10 мың дана және 2023 жылы 15 мың дана, Қазақстан Республикасына – 2022 жылы 10 дана және 2023 жылы 15 дана, Қырғыз Республикасына – 2022 жылы 5 мың дана және 2023 жылы 10 мың дана мөлшерінде әкелінетін электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдары.

      Көрсетілген тарифтік жеңілдік мүше мемлекеттің кеден органына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осындай тауарларды әкелуді жүзеге асыратын тұлға, осы тұлға әкелетін тауарлардың саны және олардың құны туралы мәліметтерді қамтитын құжат ұсынылған жағдайда беріледі.

      Аталған тарифтік жеңілдік қолданылған тауарларға иелік ету, оларды пайдалану, билік ету құқықтарын беруге тек Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының тұлғаларына ғана жол беріледі.

      Осы тармақта көзделген тарифтік жеңілдік беріледі.

      Осы тармақта көзделген тарифтік жеңілдік ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), оларға қатысты тауарларға арналған декларация, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімі күшіне енген күннен бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда мүше мемлекеттің кеден органы тіркелген тауарларға қатысты беріледі.".

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағындағы "7.1.37" деген сандар "7.1.38" деген сандармен ауыстырылсын.

      3. "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне 3-қосымша мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Жеке тұлғалар ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 кодымен сыныпталатын электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын (бұдан әрі – электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдары) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босата отырып, 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге Одақтың кедендік аумағына кез келген тәсілмен, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін сәйкесінше тиісті жылы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімімен көзделген мөлшер шеңберінде, бір мезгілде мынадай шарттарды сақтаған кезде:

      көрсетілген мүше мемлекеттердің бірінің азаматтығы болса;

      өзі азаматы болып табылатын мүше мемлекеттегі тұрақты тұрғылықты жері болса;

      көрсетілген мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осындай тауарларды әкелуді жүзеге асыратын тұлға, осы тұлға әкелетін тауарлардың саны және олардың құны туралы мәліметтерді қамтитын құжатты тиісті мүше мемлекеттің кеден органына ұсынса, әкеле алады.

      Ресей Федерациясының азаматтығы және (немесе) Ресей Федерациясында тұрақты тұратын жері бар тұлғаларға электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарына иелік ету, пайдалану, билік ету құқықтарын беруге жол берілмейді.

      Электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын Ресей Федерациясына уақытша әкелуге, егер мұндай көлік құралдары Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында немесе Қырғыз Республикасында тіркелген жағдайда, осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген шарттарды бір мезгілде сақтап, қанағаттандыратын тұлғаларға ғана рұқсат етіледі.

      Электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне 2-қосымшаның 2-кестесінің 4-тармағында көзделген мөлшерде, бірақ оған сәйкес тауарлар еркін айналымға шығарылған жолаушылар кедендік декларациясы тіркелген күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімде кедендік баждар, салықтар төленгенге дейін қолданылады.".

      4. ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 кодымен сыныпталатын және "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.38-тармақшасында көзделген тарифтік жеңілдікті қолдана отырып немесе "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне 3-қосымшаның 9-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарына электрондық паспорт, онда "Қосымша ақпарат" бағанында "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімімен шектеулер қойылды" деген ақпаратты көрсете отырып, ресімделеді.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Сұлтанов

А. Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады