Кеден одағы Комиссиясының табиғи сары майға қатысты кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 58 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімін іске асыру және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикаларының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы "Еуразиялық экономикалық одақтағы бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" № 130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.50-тармақшасымен толықтырылсын.

      "7.1.50. Беларусь Республикасына әкелінетін, ЕАЭО СЭҚ ТН 0405 10 110 0 және 0405 10 190 0 кодтарымен сыныпталатын табиғи сары май 1,5 мын тоннадан аспайтын көлемде.

      Көрсетілген тарифтік жеңілдік Армения Республикасының кеден органына Армения Республикасының ауыл шаруашылығы саясаты саласында уәкілетті атқарушы билік органы берген және осындай тауарлардың номенклатурасы, саны, құны, сондай-ақ оларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын құжат ұсынылған жағдайда беріледі.

      Осы тармақта көзделген тарифтік жеңілдік ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты беріледі, өздеріне қатысты тауарларға арналған декларация, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда – тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы Армения Республикасының кеден органы 2022 жылғы 28 наурыздан бастап қоса алғанда 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта тіркеген өтініш беріледі.

      Осы тармаққа сәйкес тарифтік жеңілдік қолданылған тауарларды тек қана Армения Республикасының аумағында пайдалануға жол беріледі.".

      2.Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағында "7.1.48" деген цифрлардан кейін "7.1.50" деген цифрлармен толықтырылсын.

      3.Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2022 жылғы 28 наурыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады