Өздеріне қатысты арнайы кедендік рәсім қолданылуы мүмкін тауарлардың санаттары мен оларды осындай кедендік рәсімге орналастыру шарттары тізбесінің 51-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 72 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 253-бабының 3-тармағына және 254-бабына, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 6 және 62-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешімімен бекітілген өздеріне қатысты арнайы кедендік рәсім қолданылуы мүмкін тауарлардың санаттары мен оларды осындай кедендік рәсімге орналастыру шарттары тізбесінің 51-тармағының бірінші бөлігіндегі "8802 40 003 5" деген сөздер "8802 40 001 6, 8802 40 003 5," деген сөздермен, "қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін әкетілген көрсетілген тауарларға қатысты 6 ай – әкетілген күнінен бастап 12 ай ішінде" деген сөздер "Одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген күннен кейінгі күннен бастап 2 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады